Главная страница
Навигация по странице:

  • Айдахмет Н.А.

  • Сабақтың типі

  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • а)жаңа сабақты түсіндіру (мұғалімнің кіріспе сөзі арқылы)

  • (ақын өміріне арналған диафильм көрсету арқылы)

  • 2. Өлеңді игерту бағыты. А) өзім мәнерлеп оқимын;

  • Сергіту сәті.

  • Топтастыру.

  • Салыстыру

  • ҮІ. Үй тапсырмасы: Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеңін жаттауМүмкіндік деңгей: Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттауҮІ. Бағалау.

  • Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа тақырыпты меңгеру Топтық жұмыс

  • Қазақ әдебиеті Мұқағали Мақатаев "Фантазия " өлеңі. Айдахмет Н. А. Атбе,2017 Сыныбы 5 А Сабаты таырыбы


    Скачать 17.93 Mb.
    НазваниеАйдахмет Н. А. Атбе,2017 Сыныбы 5 А Сабаты таырыбы
    АнкорҚазақ әдебиеті Мұқағали Мақатаев "Фантазия " өлең
    Дата20.09.2017
    Размер17.93 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаҚазақ әдебиеті Мұқағали Мақатаев "Фантазия " өлеңі.doc
    ТипДокументы
    #54389
    КатегорияКазахский язык и лит.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    Ашық сабақ
    Сабақтың тақырыбы:

    Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі

    Дайындаған: №35 орта мектеп,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-

    Айдахмет Н.А.

    Ақтөбе,2017

    Сыныбы: 5 «А»

    Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі

    Сабақтың мақсаты: Білімділік.М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту.

    Дамытушылық. «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту;

    Тәрбиелік. Ақынның салған фантазиясын, талғамын шыңдау, жас өспірімдерді өмірге деген құштарлыққа тәрбиелеу. 

    Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары

    Көрнекілігі: Слайд,үлестірмелі қағаздар, ақын портреті, видеоролик.

    Сабақтың барысы:

    І. Ұйымдастыру бөлімі:

    а) оқушылармен сәлемдесу;

    ә) оқушыларды түгелдеу;

    б) оқушы назарын сабаққа аудару.

    Психологиялық тренинг.

    Күн болып ашылайық,
    Қызғалдақтай құлпырайық,
    Жақсы арман тілегімізді,

    Қане ортаға біз салайық.

    Сынып оқушыларын «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «Мен егер (Кім?) болсам...» оқушылардың ұшқыр армандарына сапар шеккізу. Сыныпты төрт топқа бөлу. І топ- Қиял, ІІ топ-Ғажайып, ІІІ топ-Арман, ІҮ топ- Ертегі. (Топ басшыларын сайлап,бағалау парағын таратып беремін)







    ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

    Қ .Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі

    І топ – Тарихи тұлға - әдеби кейіпкер

    Абылай хан туралы не білесіздер?

    ІІ топ – Абылай хан неліктен Сабалақ атанған?

    ІІІ топ – Қуандық Шаңғытбаев туралы не білеміз?

    ІҮ топ – «Сабалақ» өлеңінен үзінді жатқа айту.




    ІІІ. Жаңа сабақ

    Қызығушылықты ояту. «Хат қоржын»

    -Қолдарыныздағы конвертті ашайық, ішінде қандай сөздер жазулы екен соны оқиық.

    (Әр топ өз конверттерінен шығқан қағаздағы сөздерді оқиды. Конверт ішінде қағаздарда Мұқағали Мақатаев, «Фантазия» өлеңі деген сөздер)

    -Бұл сөздер біздің бүгінгі тақырыбымызбен тікелей байланысты. Бүгінгі жаңа сабығымыздың тақырыбы Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі.



    а)жаңа сабақты түсіндіру (мұғалімнің кіріспе сөзі арқылы) - Балалар, тақтаға назар аударайық.- Тақтадан кімді көріп отырсыңдар? – Ақын туралы біз не білеміз? Балалар, біз бүгінгі сабағымызда ұлкеннін де, кішінің де сүйікті ақынына айналған , Қазақстанның халық жазушысы, «Ғасыр ақыны» аталған Мұқағали Мақатаев туралы сөйлеспекпіз. Мұқағали Мақатаев Алматы облысы,Нарынкөл ауданында дүниеге келді. Ол «Аққудың қанатына жазылған жыр», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға-жүрек» жинақтары арқылы әдебиетке қосылған талант екенін танытты. Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл бесігі-жұмыр жерді сүйеді, қадірлейді. Мақатаев өлеңдерінде адамдар бойындағы асыл қасиеттерді барынша дәріптеумен бірге, өмірде іске енжарлық, бойкүйездік, даңғойлықты қатты сынады. Оның жүрекке жылы, сезімге әсерлі, кімге де болса тіке айтатын өткір әрі сұлу жалын атқан жырларын оқушы қауым сүйіп оқиды. 2011 жылы ақиық ақынның 80- жылдығы елімізде кең тойланды.

    ә) Тақырыпқа ену (ақын өміріне арналған диафильм көрсету арқылы):

    - өмір жолына тоқталу:



    Мұқағали Мақатаев
    1. «Ой шақыру» бағыты.

    - Балалар, төменгі сыныптарда ақынның қандай өлеңдерімен таныс болдыңдар?

    -Балалар жауабы.

    - Дұрыс, балалар!



    1)Бауыржанқызы Рустина «Отан» өлеңін жатқа оқыды.

    2) Аманжол Мәулен ақынның өмірбаянына тоқталды.

    Ал, енді балалар, адамның ішкі жан сырын тереңнен тербеп, нәзік сезім қылдарын шерте білген ақынның «Фантазия » өлеңінен біз де нәр алайық!
    2. Өлеңді игерту бағыты.

    А) өзім мәнерлеп оқимын;

    ә) оқушылар әр шумағын жеке-жеке оқиды;

    б) әр шумағын оқушыларға оқыта отырып, өлеңнен не түсінгендерін айтқызу; (мәнерлеп оқу)

    в) сұрақтарға жауап беру: қиялдарында қандай сурет пайда болғанын сөзбен суреттеп беріңдер.



    3. Теориялық бағыт. (түсіндіру)

    Фантазия дегеніміз не? Фантазия дегеніміз – музыкалық қиял, жалпы қолданылатын музыкалық формадан ауытқып, еркін жазылатын шығарма.

    Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық» әніне билету.


    4.Шығармашылық бағыт.

    Топтық жұмыс. Әр топқа жоба қорғауға мүмкіндік беру. Кубизм стратегиясы бойынша.



    Топтастыру. М. Мақатаевқа ассосация жасау

    Талдау

    Өлең құрылысына қарай талдау

              4              3                  4

    Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған//                                             а

             4              3               4

    Ертегіден/ ғұлама/ дана туған//                                                  а 

             3                 4                   4

    Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен//                                           б

             3                 4                  4

    Адамның/ қиялында/ жаратылған//                                            а

     

    Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.

     

    Салыстыру. «Сабалақ» және «Фантазия» өлеңдерін салыстыру.

    Зерттеу. (интернет желісінен Мақатаев жайлы тың деректер іздеу)

     Тосын сый. Оқушыға сыйлық беру.

    Бақытты жан. Оқушыға үш шапалақ.

    Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, өздеріне берілген тапсырманы қорғайды.




    ІҮ.Сабақты бекіту. –Оқушылар біздің хат қоржынымыз бос кетпеу үшін біз Мұқағали атамызға арнап хат жазып, хат қоржынымызға салайық.




    Ү.Сабақты қорытындылау: Рефлексия. «Білім теңізіне кеме жібер...»

    Бүгінгі сабақты терең меңгерген оқушылар өз қайықтарын «Білім теңізіне» жүзгізеді,ал өзіне сенімсіз оқушылар қайықтарын «Білім жағалауына» орналастырды.




    ҮІ. Үй тапсырмасы:

    Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеңін жаттау

    Мүмкіндік деңгей: Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау

    ҮІ. Бағалау.




    Оқушының аты-жөні

    Үй тапсырмасы

    Жаңа тақырыпты меңгеру

    Топтық жұмыс

    Қорытынды баға

    1
















    2
















    3
















    4
















    5
















    6
















    7




















    Сабақты өзіндік талдау

    Ашық сабақ өткізуде 5 «А» сыныбын тандап алдым, себебі кластағы оқушылардың басым бөлігінің әдебиет пәніне қызығушылығы өте жоғары.Өткізген тақырыбым: «Мұқағали Мақатаев «Фантазия» өлеңі».2 сағатқа берілген. Мен оның 1-ші сағатын алдым.

    Мақсатым-М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту. «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту; Ақынның салған фантазиясын, талғамын шыңдау, жас өспірімдерді өмірге деген құштарлыққа тәрбиелеу болды.

    Сабағымды «Қызығушылықты ояту» әдісімен бастап,оқушылардың барлық ынтасын, зейінін сабаққа аудардым.Психологиялық тренинг ұйымдастырып, сынып оқушыларын 4 топқа бөлдім. Тренингті ұйымдастырудаға мақсатым- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, қиялдай білуге тәрбиелеу болатын. Нәтижесінде - оқушылар өз ойларын емін-еркін ортаға салып, болашақ мамандықтарын армандап, өмірге деген өздерінің көзқарастарын қалыптастырды. Әрбір топ басшыларына бағалау парақтарын таратып бердім. Үйге берілген тапсырманы әр топ басшыларына тапсырма беру арқылы сұрадым. Мақсатым- оқушылар өткен сабақты қаншалықты меңгергенін анықтап,үй тапсырмасын орындауда тиянақтылыққа баулу болатын. Нәтижесінде оқушылар өткен сабақты өте жақсы меңгерген, берілген сұрақтарға жоғары деңгейде жауап беріп отырды. .

    Жаңа сабақтың тақырыбын, оқушыларға қызықты болу үшін «Хат қоржын» ішіндегі конверттерде берілген сөздерді оқыту арқылы аштым. « М. Мақатаев туралы 9 дерек» атты диафильм көрсетіп, өмір жолына,шығармашылығына шолу жасадым. «Фантазия» өлеңін алдымен өзім нақышына келтіріп оқып, сосын оқушыларға мәнерлетіп оқыттым. «Шығармашылық бағыт » бойынша, кубизм стратегиясын пайдаландым. Мақсатым: Оқушыларға тақырыпты игертіп қана қоймай, талдай білуге, салыстырып, зерттеу жұмысын жүргізе алуға дағдыландыру,топпен жұмыс барысында өз қөзқарастарын қалыптастыруға баулу болатын. Кубиктің алты қырына алты тапсырма жазып, әр топқа түскен тапсырмаларын топпен орындатып, қорғаттым. Бұл кубизм стратегиясына 4 әдісті қолдандым: Ассосация әдісі, зерттеу әдісі, салыстыру әдісі,талдау әдісі. Оқушыларға бұл әдіс тансық емес, сол себепті тапсырманы жоғары деңгейде орындады. Нәтижесінде оқушылар- топпен жұмыс жасай білді, ақын өміріне зерттеу жасап, өлеңін толық талдады. Сергіту сәтін де ұйымдастырдым.Оқушылар жағымды әуенге, ерекше қимылға елітіп, сергіді.

    Сабақты бекіту кезеңінде «Хат қоржын» бос кетпес үшін «Мұқағалиға хат» әр топқа жаздырып, оқушылар өз қолдарымен конвертке салды.

    Кері байланыс бойынша «Білім теңізіне кеме жібер». Мақсатым-оқушылар бүгінгі жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін, алдағы уақытта ақын туралы қандай мағлұмат алғылары келетінін білу. Яғни оқушылар қолдарына кеме суреттерін таратып плакатта ілулі тұрған білім теңізіне сабақты өте жақсы меңгерген оқушылар, ал әлі де Мұқағали туралы білгісі келетін оқушылар кемелерін жағалау шетіне орналастырды. Нәтижесінде оқушылар санының жартысынан көбі тақырыпты жақсы меңгергендігін, қалғаны Мұқағали туралы алдағы сабақтарда әлі де білгілері келетіндігін білдірді. Бағалау парақтары бойынша әр топтың басшысы өз тобындағы оқушыларды кезең –кезең бойынша бағаларын қойып, қорытындылады.Үйге тапсырма беріліп, сабақ қорытындыланды.

    Ал «А», «В», «С» деңгейдегі оқушыларға келсем. «А» деңгейдегі оқушылар сабақта өз деңгейлеріне сай белсене ат салысып, сабақ барысында маған көмекші болды.



    «В» деңгейіндегі оқушылар «А» деңгейлі оқушылардан еш қалыспай жоғары көрсеткіш көрсетті. Айта кетсем осы деңгейге жататын Аманжол Мәулен атты оқушым Мұқағали туралы,шығармалары туралы толық мағлұмат берді. Осылайша «А» деңгейіндегі оқушылардан еш қалыс қалмады.



    «С» деңгейіндегі оқушылар, сабақ тақырыбы оларға қиын болмады.Сабақ үстінде белсене ат салысты. Жалпы тақырыпты жақсы меңгерді. Сабаққа сынып оқушыларынның жүз пайызы белсене қатысты, тақырыпты түсінгендері, игергендері көрінді. Ендеше менде өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
    написать администратору сайта