Главная страница
Финансы
Экономика
Математика
Биология
Информатика
Начальные классы
Медицина
Сельское хозяйство
Ветеринария
Вычислительная техника
Религия
Философия
Логика
Этика
История
Дошкольное образование
Воспитательная работа
Социология
Политология
Физика
Языки
Языкознание
Право
Юриспруденция
Русский язык и литература
Строительство
Энергетика
Промышленность
Связь
Автоматика
Электротехника
Другое
образование
Доп
Физкультура
Технология
Классному руководителю
Химия
Геология
Искусство
Культура
Иностранные языки
Экология
Логопедия
География
ИЗО, МХК
Казахский язык и лит
Директору, завучу
Школьному психологу
Социальному педагогу
Обществознание
Языки народов РФ
ОБЖ
Музыка
Механика
Украинский язык
Астрономия
Психология

Ашық сабақ "Наурыз -төл мерекеміз". Асия ибраева


НазваниеАсия ибраева
АнкорАшық сабақ "Наурыз -төл мерекеміз"
Дата19.09.2017
Размер75 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаАшық сабақ "Наурыз -төл мерекеміз".doc
ТипДокументы
#48570
КатегорияКазахский язык и лит.

АСИЯ ИБРАЕВА

Қостанай облысының

Рудный қаласындағы

№ 5 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі
11-сынып

Сабақтың тақырыбы: НАУРЫЗ – ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗ.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік : Оқушылардың алдыңғы алған білімдерін қайта жаңғырту, жаңа мәліметтермен толықтырып, Наурыз мейрамы туралы білімдерін жүйелеу, сөздік қорын байыту.

2. Дамытушылық: Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тіл байлығын жетілдіру, топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, ҰБТ сұрақтарын талқылау.

3. Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: іздендіру сабағы, тіл дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойландыру, іздену, әңгімелеу, аударма, жазба, талдау жұмыстары, деңгейлік тапсырма, тестілеу, мәтінмен жұмыс.

Грамматикалық материал: сөйлем мүшелері,сөз таптары,лексика

Сабақтыңкөрнекі -құралдары : интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер, анықтама материалдар, сөздіктер, тест сұрақтары.

Жұмыс түрлері: жеке, топпен жұмыс, жұппен жұмыс .

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу.

1-слайд: НАУРЫЗ – ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗ.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

II. Сөздік жұмысы:

1. Мереке сөзінің синонимдерін атаңдар?( мейрам, той, думан)

2. Төл сөзінің мағынасын түсіндіріңдер?

2-слайд: төл- специфический

төл- исконный

төл- приплод

төл (сөз) – прямая (речь)

Бұл қандай сөз? (омоним). Әр сөзбен сөйлем құрастыру.

3. Наурыз сөзі туралы не айта аласыңдар?

3-слайд: тест сұрақтары (керекті сөздерді жазу)
НАУРЫЗ


4 –слайд: жауаптар (тексеру)

НАУРЫЗ

1. үнді ұяң

2. бірінші

3. 2 тұйық

4. 6 6

5.парсы

6. жуан

7. Жаңа жыл“

8. дауыссыз үнді

9. екінші (соңғы )

10. дара негізгі

III. Жаңа сабақ:

1. 5 –слайд: НЕ БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ ?

- Қазақтың көктемгі төл мерекесі?

- Қазақстанда бұл мейрам қашаннан тойланады?

- Наурыз мейрамы қандай мереке?

-Бұл күні түн мен күн неістейді?

- Аңыз бойынша Наурыз күні кім келеді?

- Наурыз мейрамының басты асы?

- Бұл тағам неше дәмнентұрады?

-Наурыз мейрамы қандай елдердің Жаңа жылы?

2. 6-9 –слайд: НЕ БІЛЕМІЗ?

Слайдтағы суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру

3. 10 –слайд: ТЫҢДАЛЫМ.

«Наурыз мейрамы» мәтінің тыңдап, түсінгендерінді орысша айтып беріңдер.

4. 11 –слайд:СҰРАҚ-ЖАУАП.

- Наурыз туралы кімдер жазған?

- Қазақстанда Наурыз мейрамын қайтыпқашаннан тойлайды?

- Наурыздың басты асы не?

- Наурызда адамдар бұлақтарды не істеген?

- Наурызда үлкендер жастарға не береді?

- Наурыз қандай мейрам?

5. 12 –слайд: ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ.

Топпен жұмыс: мәтін, сөздік, қосымша материалдармен, анықтама материалдармен жұмыс. (Деңгейлік тапсырма)

1-топ: Сұрақ – жауап.

1. Наурыз мейрамы қашан тойланады ?

2. Бұл қандай мереке ?

3. Бұл күнікүн мен түнне істейді ?

4. Наурыз мейрамының басты асы не ?

5. Бұл тағам неше дәмнен тұрады ?

6. Наурыз сөзі қандай тілден енген ?

7. Наурыз сөзі нені білдіреді ?

8. Наурыз күні аңыз бойынша кім келеді ?

9.Наурыз мейрамы қандай елдердің Жаңа жылы

10. Қазақ халқы Наурыз мейрамын қалай атайды ?

11. Наурыз мерекесінде қариялар беретін тілек қалай аталады

12. Мерекеге келген қонақты қайда отырғызады ?

2-топ: Еркін әңгіме.

3-топ: Жоспар бойынша әңгіме.

Жоспар:

1. Көктемгі Наурыз мейрамы.

2. Біздіңқаламыздағы мереке.

3. Мектепшілік Наурыз мейрамы.

Сөздік:іс –шара - мероприятие

тамашалау- смотреть

өткізіледі - проводятся

безендіріледі – украшаются

IY. Өткенді қайталау:

1. 13 –слайд: Өлеңмен жұмыс.

Мұғалім жатқа айтады:

Наурыз келсе, құт келгені, халайық !

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

- Бұл не ? (өлең). Өлең қандай стильге жатады? (көркем әдебиет стилі).

Тыныс белгілерініңқойылу себебін түсіндіру.. Оқу:хормен, жеке оқу,топпен оқу.

- Өлең не туралы? Аудару. Жаттау. Жатқа жазу. Тексеру.

2. Деңгейлік тапсырмалардыорындау:

1-топ: Өлеңнен зат есімдерді теріп жазу, синоним, омоним сөздерді көрсету.

2-топ: Олеңнен етістіктерді теріп жазу, сөз құрамына талдап, түрлерін белгілеу, омоним,антоним бола алатын сөздерді көрсету.

3-топ: Сөйлемдердің түрін ажырату.

2-сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Y. Сабақты қорытындылау:

14 –слайд:НЕ БІЛДІК?

  1. Тест сұрақтарына жауап беру:

  2. 1-топ: жасырын тест түрі

2-топ: ашық тест түрі

3-топ: дайын тест жауаптарын тексеру.

1-топ: « Наурыз мейрамы » тест сұрақтары.

1. Наурыз мейрамы қашан болады ?

а) 15 наурызда в) 22 наурызда с) 1мамырда д) 8 наурызда е) 21 наурызда

2. Бұл қандай мереке ?

а) Тілдер мерекесі в) Жеңіс күні с) Жаңа жыл д) Халықаралық әйелдер мерекесі

3. Бұл күні табиғатта қандай өзгеріс болады ?

а) күн мен түн теңеледі в) ыстық болады с) жаңбыр жауады д) жеміспіседі е) күн қысқа,түн ұзақ

4. Наурыз мейрамының басты асы не ?

а) бауырсақ в) бесбармақ с) қымыз д) наурыз көже е) құрт

5. Бұл тағам неше дәмнен тұрады ?

а)5 в) 9 с) 8 д) 6 е)7

6. Наурыз сөзі қандай тілден енген ?

а)араб в) орыс с)парсы д) латын е)грек

7. Наурыз сөзі нені білдіреді?

а) жаңа түн в) жаңаай с) жаңа апта д) жаңа күн е) жаңа жыл

8. Наурыз күні аңыз бойынша кім келеді ?

а) Қыдыр ата в) Шопан ата с) Қамбар ата д) Қаңбақ шал е) Зеңгі баба

9. «Наурыз келсе, ақ мол болады.» сөйлемнің түрін анықтаңдар.

а)жай в)лепті с)салалас д) аралас е) сабақтас

10. Наурыз Қазақстанда қашаннан бастап тойланады ?

а) 1999ж. в) 1988ж. с) 1989ж. д) 2000ж. е) 1998ж.

11.Наурыз мейрамы қандай елдердің Жаңа жылы ?

а) Шығыс в) Батыс с) Ресей д) Ұлыбритания е) Жапон

12. Қазақ халқы Наурыз мейрамын қалай атайды ?

а) Жылдың басы в) Ұлыстың ұлы күні с) Көктем күні д) Жазғытұрым

13. Қазақтыңкөктемгі төл мерекесі қандай ?

а) Тілдер мерекесі в) Жеңіс күні с) Наурыз мейрамы д) Халықаралық әйелдер күні е) Балалар күні

14. Наурыз мерекесінде қариялар беретін тілек қалай аталады ?

а) құттықтау в) бата с) мадақтау д) өкініш е) реніш

15. Мерекеге келген қонақты қазақтар қайда отырғызады?

а) оң босағаға в) сол босағаға с) орындыққа д) төрге
2-топ:« Наурыз мейрамы » тест сұрақтары.

(Жауаптарын сөзбен жазу)

1. Наурыз мейрамы қашан болады ?

2. Бұл қандай мереке ?

3. Бұл күні табиғатта қандай өзгеріс болады ?

4. Наурыз мейрамының басты асы не ?

5. Бұл тағам неше дәмнен тұрады ?

6. Наурыз сөзі қандай тілден енген ?

7. Наурыз сөзі нені білдіреді ?

8. Наурыз күні аңыз бойынша кім келеді ?

9. «Наурыз келсе, ақ мол болады.» сөйлемнің түрін анықтаңдар.

10. Наурыз Қазақстанда қашаннан бастап тойланады ?

11.Наурыз мейрамы қандай елдердің Жаңа жылы ?

12. Қазақ халқы Наурыз мейрамын қалай атайды ?

13. Қазақтыңкөктемгі төл мерекесі қандай ?

14. Наурыз мерекесінде қариялар беретін тілек қалай аталады ?

15. Мерекеге келген қонақты қайда отырғызады ?
3-топ: Берілген жауаптардың қателерін түзету.

( Тест сұрақтары 1-топтікі)


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

а

в

а

а

с

е

в

а

в

д

д

е

с

в

д















































15 –слайд: НЕ БІЛДІК ?

Жауап кілттері:

Тексеру.

1; 3-топ: 2-топ:

1. в 1. 22 наурызда

2. с 2. Жаңа жыл

3. а 3. Күн мен түн теңеледі

4. д 4. Наурыз көже

5. е 5. 7

6. с 6. Парсы

7. д 7. Жаңа күн

8. а 8.Қыдыр ата

9. е 9. Сабақтас

10. в 10. 1988ж.

11. а 11.Шығыс

12. в 12. Ұлыстың ұлы күні

13. с 13. Наурыз мейрамы

14. в 14. Бата

15. д 15. Төрге
2.Бағалау:

«5» - 0 - 1 қате

«4» - 2 - 3

«3» - 4 - 5

«2» - 6

3. «Бата» сөздерін оқушы жатқа айтады:

Ұлыс оң болсын !

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын !

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін.

Қайғы уайым жоқ болсын

Қуаныштарың көп болсын!


  1. Үй жұмысы: Наурыз туралы шағын шығарма жазу.
написать администратору сайта