Главная страница
Финансы
Экономика
Математика
Начальные классы
Биология
Информатика
Дошкольное образование
Медицина
Сельское хозяйство
Ветеринария
Воспитательная работа
История
Вычислительная техника
Логика
Этика
Философия
Религия
Физика
Русский язык и литература
Социология
Политология
Языкознание
Языки
Юриспруденция
Право
Другое
Иностранные языки
образование
Доп
Технология
Строительство
Физкультура
Энергетика
Промышленность
Автоматика
Электротехника
Классному руководителю
Связь
Химия
География
Логопедия
Геология
Искусство
Культура
ИЗО, МХК
Экология
Школьному психологу
Обществознание
Директору, завучу
Казахский язык и лит
ОБЖ
Социальному педагогу
Языки народов РФ
Музыка
Механика
Украинский язык
Астрономия
Психология

"Жасөспірімдерді суицидалды мінез-құлықтан алдын алу". Хііі педагогикалы оу Баяндама Таырыбы


НазваниеХііі педагогикалы оу Баяндама Таырыбы
Анкор"Жасөспірімдерді суицидалды мінез-құлықтан алдын алу"
Дата08.10.2018
Размер209 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файла"Жасөспірімдерді суицидалды мінез-құлықтан алдын алу".doc
ТипДокументы
#58037
КатегорияШкольному психологу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау қалалық білім бөлімі

ХІІІ педагогикалық оқу
Баяндама

Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез құлық

және оның алдын алу

Нұрғалиева Рысгүл Мұхамбетқызы

G-9 разрядты мектеп психологы

Атырау, 2012 жыл.


Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау

Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлық
1.1.Жасөспірімдердің психологиясы.
1.2.Суицидалды мінез-құлықтың психологиялық ерекшелігі.
1.3.Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер

етуші факторлар.

ІІ тарау

Суицидалды мінез-құлықтың алдын алуда жүргізілетін психологиялық жұмыстар
2.1. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

2.2. Мұғалімдер және ата-аналармен жүргізілетін

жұмыстар.

Қорытынды

Кіріспе
Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті.

Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта 6-10 пайыз құрайды.

Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады.

Жасөспірімдер басқалардан көмек күту мақсатында суицидтік әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады.

А.Г. Амбрумованың ойынша суицидтік ой, әрекет конфликт кезінде әлеуметтік-психикалық дезадаптацияның пайда болуынан көрінеді: мазасыздық, фрустрациялық күй, қоршаған адамдардың негативті қатынастары, өмір сүруге құштарлықтың болмауы, әлеуметтік ортаның төмендеуі т.б.[1/4-б]

Осындай келеңсіз жағдайлар барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан, қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді.

Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән.

Сәтсіз суицидтік әрекет жасаған адамдар саны бастан асады. Ер балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады.

Осы күнге дейін суицидтік әрекет толық зерттеген адам жоқ. Ересек адамдардың 10 – нан біреуі ғана, жасөспірімдердің 50 – ден 1-уі суицидтік әрекетке бейім болады. Бірінші рет іске аспаған суицидтік әрекет, екінші рет қайталана бермейді, мысалы, 10-20 жас ер балалар арасында 10 пайыз, қыз балалар арасында 3 пайыз құрайды.

Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.

Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» (7/30-б) десе өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.

Адамды жан – жақты тәрбиелеу мен дамыту

үшін оны жан – жақты біліп алу керек

К.Д. Ушинский
І. Жасөспірімдер арсындағы суицидалды мінез-құлық
1.1. Жасөспірімдердің психологиясы
Жасөспірімдер 11 – 16 жас аралығындағы балалар. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. [11/ 27-б]

Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын байқауға болады. Сондықтан да осы жас аралығында балалар өздерін ересектер қатарына қосады.

Жасөспірімдер басқалардан ерекшелену мақсатында мінездерін көрсетеді. Әсіресе, бұндай көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңнен балалар мінез қыңырлығымен сипатталады. Жасөспірімдер өте еліктегіш болады, егерде олардың еліктеуі орынсыз болса, баланың тәрбиесі қиындайды, еңбек, күш қабілеті төмендейді. Жасөспірім өзін бала емес екенін сезініп, сенімсіз болады. Оларды «Мен кіммін?, «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалатады. Ол өзіне, өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайға көңілі толмайды. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасында әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Жасөспірім билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз мінез-құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеду. Олар өте қызыққыш болады, мысалы, қызық кітап, фантастика, марка, значок, кассета, фото, кино, әнге құмарлық, құмарлық т.б. кейбіреулері жағымсыз қылықты құмарлатады, мысалы, саудагерлікке, шылым шегу, ақшақұмарлыққа т.б.

Сондықтан ата-ана мұғалім бір-бірімен өзара байланыс жасап, үйдегі мінез-құлқы мен мектептегі мінез-құлқын бақылап отыру керек.

Ата-ана мен мұғалімдер жасөспірімдерге ересектердің міндетін артады, балалардың құқығын шектейді. Бір тапсырманы орындамаса, «неге орындамадың, қашанғы бала боласың?» дейді. Ал, жасөспірімдер бір нәрсеге ересектік талпыныс жасаса, «Сен әлі баласың» дейді. Ересектер баланың жаман жолға түсіп кетуінен сақтанады.

Жасөспірімдер балалық кезеңнен өткеннен кейін, ата-анамен қарым-қатынастан құрбыларымен қатынасқа, ой бөлісуге көшеді. Ересектің пікірінен гөрі, құрбыларының пікірін артық санайды. тек жасөспірімдер бір-бірін түсінеді, себебі ортақ әңгіме, ортақ идел, ортақ кейіпкер, ортақ пікір, ортақ ойын, ортақ демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң, ортақ қуаныш-бәрі ортақ. Сол ортақты бөліседі.

Жасөспірімнің өзіндік «МЕНІ» жоғары болады. Олар ересек адамдарға еліктегендіктен, солар сықылды қылықтар жасап, оны үлгі тұтады. Кейбір жағымсыз мінез-құлықты дұрыс деп санайды.

Ересектер жасөспірімнің намысына тимеуі тиіс, олар өте намысшыл болады, оларға үнемі сенімділік артып, кішкентай сәл ғана жетістіктермен мадақтап, «Сенің қабілетің бар, сенің қолынан келеді, мен саған сенемін» т.б сөздерді қолданып, психологиялық тұрғыдан дені сау адам етіп шығару керек. Олар достыққа, жолдастыққа берілген болады. Досының, жолдасының алдында адал, сатқындықты көтермейді, кешпейді. Егер жасөспірім сенімді жолдас болып, басқаға дос бола берсе онда мақсатына жеткені. Ал, егерде достарының алдында күлкіге қалса, оппозицияға ұшырайды, өзінше топ құрып сыныптың, мұғалімнің берекесін алып, бұзық жолға түседі. Осыдан «қиын оқушы» туындайды. Егерде олар сыныптан, мектептен өз орнын таппаса, сол орынды сыртқы ортадан табады. Сыртқы орта оны түсінеді, сыйлайды. Жасөспірім келеңсіздікке ұшыраса, одан шығу өте қиын болады. Себебі бұзақылық тобынан шықққан адам сатқын болады. Олар сатқындықты кешірмейді, қатаң жазалайды, өмірін де қиып жіберуі мүмкін.
1.2.Суицидтік мінез құлықтың психологиялық ерекшелігі
Суицид саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық аурудың өрбуінен пайда болады. Сондай - ақ науқас адамның стресстік күй кезінде шешім, таба алмауынан, артық қиналғысы келмеген жағдайдан, жанының әлсіздігінен, өкіну, уайымдаудан көруге болады. Науқас адамдардың психикалық күйі тұрақсыз болады. Олар өз-өздерін бақылацй алмайды, не айтып жатқанын, не істеп жатқанын білмейді, агрессивті мінез-құлқы басым болады. Ал, кейбіреулерінің көңіл күйлері жоғары, қимылы тез, мазасыз т.б. болады. Бұндай орынсыз қылықты сырттағы адамдар тез байқайды. Олардың ұйқысы, түсі бұзылады, денесінде әлсіздік байқалады. Олар өздеріне жоғары талап қояды, өз-өздерін бағалауы төмен болады. Басқалармен ашық сөйлесе алады, олардың жағдайларын түсінуге тырысады, өз беттерімен шешеім қабылдауға қиналады, өз бетімен жүре алмайды, өмірге құштарлығы төмендейді, өзін басқалардан кем санайды.

Өзіне-өзі қол салатын адамдар бұлар әлсіз, әрі батыл адамдар.

Әлсіздігі - өмірмен күрескілері келмейді, қиналады.

Батылдығы - өз өмірін қорықпай қиюы.




Суицидтік мінез-құлықтың үш типі бар:

line 12line 12line 12




Анық

Жасырын

Демонстративті


Анық - бұл жағдайда өмірге деген қызығушылығы таусылған адам өлімге өзін ұзақ дайындайды. Шынайы суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып, күйзелу және өз өмірін қиюды армандау жатады. Шынайы суицидті іске асыру ұзақ уақытты талап етеді (бірнеше күннен айға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін).
Жасырын – алдын ала ойластырылмайды, ол кенеттен пайда болады. Адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді. Ол кенеттен қатты психотраммадан туындайды.
Демонстративті суицид - өлім ниетімен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы, басқаларды көмекке шақыру. Біреуге бір нәрсе дәлелдеу үшін өз-өзіне қол жұмсайды. Демонстративті суицид – даулы жағдайды қолайлы жаққа өзгерту мақсатында өз өмірінің құндылығын сақтап қалу, өзіне көндіру іс-әрекеті (өзіне деген аяушылық туғызу, қиыншылықтардан құтылу). Демонстраивті суицид кезінде адамдар өлімге жол бермеу керекктгін түсінеді, ересектер арасында 10-нан біреуі ғана, ал жасөспірімдер 50- ден немесе 100- дің біреуі ғана өз-өзіне қол жұмсайды.Қыз балаға қарағанда ер жігіттер 2 есе артық өзіне қол жұмсайды, дегенмен қыздар осы талаптарды жиірек қолданады.






Өзімшілдік

Өзін-өзі өлтіру - басқа адамдармен байланысы жоқ, жалғыздыққа жаны құмар, өзімен өзі болуды қалайды.



line 12line 12



Өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі 4 категориясы


line 12line 12






Фаталисттік

Өзін-өзі өлтіру –жеке адамды, қатал бақылауға алғандықтан, оған бостандық бермегендіктен, болашақтан үміт үзуден болатын өлім.



Альтуристтік

Өзін-өзі өлтіру – керісінше, басқа адамдардың өмірін сақтау үшін болатын жағдай.


1.3.Суицидтік мінез-құлықтың себептері және оған әсер етуші

факторлар

А.Е. Личко жасөспірімдер арасында суицидтердің ең жиі кездесетін себептері

  • сүйікті адамын жоғалту;

  • шектен тыс қалжырау жағдайы;

  • өзіндік-қадір қасиетін осал сезіну;

  • алкогольді, психотропты дәрілерді және есірткіні пайдалану нәтижесінде пайда болатын жеке бастың қорғаныш тетігінің бұзылуы;

  • өзін-өзі өлтірген адаммен өзін теңестіру;

  • әртүрлі сылтаулар бойынша туатын қорқыныш, ызалану мен жабырқаудың әр алуан формалары. [1/14-б]


Суицидалдық әрекетке әсер етуші факторлар
І. Жанұядағы конфликт:

  • туыстарының және қоршаған адамдардың әділетсіз болуы;

  • басқамен көңілдес болу, қызғану, айырылсу;

  • “сүйікті” адамынан айырылу;

  • жоспарының орындалуына кедергі жасау;

  • сүйікті адамывның мінез-құлқын, қасиетін ұнатпау;

  • жалғыз қалу,

  • сәтсіз махаббат;

  • басқалардың оған жеткілікті көңіл бөлмеуі,

  • жыныстық һәлдің төмендеуі.


ІІ. Психикалық күй:

  • дені сау адамның реалды конфликтіге ұшырауы;

  • паталогиялық себептер (психиканың бұзылуы)

ІІІ. Физикалық күй:

  • соматикалық аурулар, физикалық азап көру;

  • ажарсыз кемтар болу.


ІV. Қоғамға қарсы конфликттің туындауы:

  • қылмыстық жауапкершіліктен қорқу;

  • ұяттан, жазадан қорқу;

  • өзін-өзі кінәлау.



V. Кәсіптік және білім саласындағы конфликтінің туындауы:

  • жұмыстағы, оқудағы сәтсіздік;

  • жұмыстағы немесе оқудағы әділетсіздіктің болуы.


VІ. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар.
VІІ. Басқа да себептер.

  1. Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %

2. Қаражат қиындығынан - 3%

3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4%

4. Құмарлықтан - 6%

5. Отбасы келіспеушілігінен - 18%

6. Рухани дерттен - 18%

7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%

8. Белгісіз күйі - 41%



Сөзді белгілер

- Өзіне-өзі қол жұмсауға дайындалған адамдар, әдетте, өзінің жанының

психикалық күйін айтады;

  • Өлім туралы айтуы мүмкін:”Мен әрі қарай өмір сүргім келмейді”, “Мен өзіме қол жұмсағым келеді”;

  • “Мен ешкімге проблема болмаймын”;

  • Өзіне қол жұмсау тақырыбында көп әңгіме айтуы;

  • Өлім сұрақтарына аса қызығушылық білдіру.


Мінез-қылықты белгілер

- Өзіне ыстық жеке заттарын тарату;

- Өзі араздасып жүрген адамдармен ымыраға келу;

- Тамаққа тәбетінің шамадан тыс артуы немесе күрт төмендеуі;

- Ұйқы уақытының өзгеруі;

- Киім киісіне мән бермеуі;

- Сабаққа себепсіз қатыспау;

- Әлсіздіктің, үмітсіздіктің, өмірден түңілудің белгілерін таныту;

- Сенімсіз, үрейлі белгілерді көрсету.
Жағдайлы белгілер

- Әлеуметтік оқшауланған болса;

- Тұрақсыз ортада тұруы, түсініксіз жағдайлар, ішімдік ішетін адамның

болуы, үнемі ұрыс-керіс, жанұядағы тұрақсыздық;

- Зорлық зомбылықтың куәсі болу, өзін зорлаудың құрбаныретінде

сезіну;

- Ауыр жағдайды бастан кешірген болса.


ІІ.Суицидалды мінез-құлықты алдын алуда жүргізілетін психологиялық жұмыстар
Бұндай кезде психолог мамандар не істеу керек? Біріншіден: - әлеуми психологиялық процестерді (суицидтік мінез-құлықтың басымдылығын) психологиялық тәсілдер арқылы зерттеу (тест, сауалнама т.б.).

-суицидтік мінез-құлықтың пайда болу себебін анықтау және осы проблемаға қатысты арнайы кештер ұйымдастыру;

-қолайлы ұжымдық атмосфераны орнату;

-психологиялық анализ жасау, суицидтік мінез-құлықты зерттеу;

-реабилитациялық жұмыстар жүргізу (өз-өздеріне қол жұмсауға талпынған адамдар үшін);

-профилактикалық жұмыстар жүргізу, суицидтік әрекетті алдын-алу.

2.1. Оқушылармен жұмыс

1. Диагностикалық жұмыстар

2.Коррекциялық жұмыстар





















3.Кеңес беру жұмыстары


4.Психопрофилактикалық жұмыстар


  1. 2.Мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыс








Ауытқушы

мінез-құлықтың

шығу себептері

мен факторлары

Мұғалімдер

жиналысы





Мұғалім

мен оқушы

қарым-қатынасы

Дөңгелек үстел


Суицидалды

мінез-құлық

Сынып

жетекшілер

семинары


Жасөспірімдер арасында

суицидтің алдын алу

шаралары

Арнайы

мамандармен

кездесу











Суицидалды

мінез-құлықтың

профилактикасы

Ата – аналар

жиналысы


Суицидті мінез-құлықты

алдын алу

шараларын

ұйымдастыру

Арнайы

мамандармен

кездесу


Жалғыздық-

суицидке

апаратын себеп

Ата –аналар

жиналысы




Психолог науқас адамға эмоциялық тұрғыдан қолдау крсетіп, оның ашылып сөйлеуіне жағдай жасау керек. Проблема барлық адамдарда болады, проблемасыз өмір болмайтынын, бір проблема шешілсе, екінші проблема пайда болатынын, проблеманың жағымды және жағымсыз жақтары болатынын түсіндіріп, проблемадан шығу жолдарын қарастыру керек.

Жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу, диагностикалық, коррекциялық, психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізіп, адамның өмірін сақтап қалу психологтардың ең басты міндеті.

4 Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі бойынша

7 – 11 сыныптар аралығында өткізілген

М.Фергюсон мен Д.Расселдің жалғыздық сезімінің

деңгейін анықтау әдістемесінің қорытындысы


































Қорытынды:
Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын, жалпы өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз.

Жас адамдарды өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау көрсету көмектеседі.

Жас адамдарды қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады.

Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол жұмсауды ойлаған адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін. Бағалай білген адам оның әрбір сағаты мен минутын алтын берсе де айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өлшеніп берілген ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз. «Ашу дұшпан, ақыл дос» деп бұрынғылар дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез-келген нәрсеге сабырмен қарап, әр қимылыңды жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім. Мұндайда ойдағы әзәзілден, бойдағы шайтан қылықтан, жүректегі кірден ақыл мен иман ғана құтқара алады.

Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын жолдардың бірі.

Пайдаланған әдебиеттер

1. «Жеткіншек жастағы мінез құлық және оны алдын алудың тәсілдері»

әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)
2. Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях,

А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)
3. С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)
4. Арнольд О. VITA// Советы психолога, 1999‚ № 4. (22-24стр.)
5. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302стр.)
6. Менделеевич. Медицинская психология. – М., 1998. (55 стр.)
7. Елбасының халыққа жолдауы. (55 бет)

8. «Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол салу мәселесі». Мектептегі психология

журналы №4 (28), 2010. (13 бет)

9. «Ауытқуш мінез-құлықтың шығу себептері» Өзіңді таны журналы

№3, 2006. (29 бет)

10. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302 стр.)

11. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999. ( 23 стр)

12. Райс Ф. Психология подросткого и юнешеского возраста. Москва, 2000.

(45 стр.)
написать администратору сайта