Главная страница
Финансы
Экономика
Математика
Начальные классы
Биология
Информатика
Дошкольное образование
Медицина
Сельское хозяйство
Ветеринария
Воспитательная работа
История
Вычислительная техника
Логика
Этика
Философия
Религия
Физика
Русский язык и литература
Социология
Политология
Языкознание
Языки
Юриспруденция
Право
Другое
Иностранные языки
образование
Доп
Технология
Строительство
Физкультура
Энергетика
Промышленность
Автоматика
Электротехника
Классному руководителю
Связь
Химия
География
Логопедия
Геология
Искусство
Культура
ИЗО, МХК
Экология
Школьному психологу
Обществознание
Директору, завучу
Казахский язык и лит
ОБЖ
Социальному педагогу
Языки народов РФ
Музыка
Механика
Украинский язык
Астрономия
Психология

Зияткерлік сайыс "Қош келдің Наурыз". Останай облысы рудный аласы 5 гимназия мемлекеттік мекемесі зияткерлік сайыс ош келді, наурыз!


Скачать 2.04 Mb.
НазваниеОстанай облысы рудный аласы 5 гимназия мемлекеттік мекемесі зияткерлік сайыс ош келді, наурыз!
АнкорЗияткерлік сайыс "Қош келдің Наурыз"
Дата19.09.2017
Размер2.04 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЗияткерлік сайыс "Қош келдің Наурыз".doc
ТипДокументы
#48627
КатегорияКазахский язык и лит.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ РУДНЫЙ ҚАЛАСЫ

«№5 ГИМНАЗИЯ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС

«ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!»

3 - сынып

Мұғалім: Ибраева Әсия

Жұмабекқызы

Қостанай облысы Рудный қаласы

«№ 5 гимназия» ММ

Әсия Ибраева

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Қош келдің, Наурыз!»

(зияткерлік сайыс)

1-2 слайд:

Көктем мезгілі

(видеоролик, музыка)

3 -слайд:

- ЖЫЛДЫҢ ҚАЙ МЕЗГІЛІ?

- КӨКТЕМДЕ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ?

- КӨКТЕМ АЙЛАРЫ ҚАНДАЙ?

- КӨКТЕМДЕ ҚАНДАЙ МЕРЕКЕЛЕР БОЛАДЫ?

- 22 НАУРЫЗДА ҚАНДАЙ МЕРЕКЕ БОЛАДЫ?

4 -слайд:

Бүгінгі біздің сайысымыздың тақырыбы - «Қош келдің, Наурыз!» Мейрамды қалай тойлау, қандай ойындар ойнау, қандай тағамдар дайындау білуіміз керек, салт –дәстүр бойынша мерекені қарсы аламыз, би билейміз, ән айтамыз, ұлттық ойындар ойнап, жарысамыз.

5 -9, 11 -слайдтар:

Әңгімелеу: НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ.

22- НАУРЫЗ - ЖАҢА ЖЫЛ МЕЙРАМЫ. НАУРЫЗ БЕЛГІСІ - ҚЫЗҒАЛДАҚ. 22- НАУРЫЗДА КҮН МЕН ТҮН ТЕҢЕЛЕДІ. АУА РАЙЫ ЖЫЛЫНАДЫ. АДАМДАР ОЙНАЙДЫ, БИЛЕЙДІ, ӘН АЙТАДЫ, БІР-БІРІН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ. МЕРЕКЕ КҮНІ НАУРЫЗ КӨЖЕ ДАЙЫНДАЙДЫ. (слайд арқылы Наурыз мейрамының көрінестерін көрсету)

10 -слайд:

Жаңа сөздер:

ҚЫЗҒАЛДАҚ- ТЮЛЬПАН

ТЕҢЕЛЕДІ – РАВНЯЕТСЯ

НАУРЫЗ КӨЖЕ – УГОЩЕНИЕ ( слайд бойынша сөйлемдерді оқытып,түсіндіру; сұрақтар қойғызып, жауап алу)

Сөйлесу:

  • Наурыз мейрамы қандай мереке?

  • Наурыз белгісі не?

  • 22- наурызда күн мен түн не істейді?

  • Ауа райы қандай?

  • Наурызда адамдар не істейді?

  • Мереке күні не дайындайды?

12-слайд:

Сергіту сәті:



Наурызда адамдар би билейді. Бүгін біз де қазақ халқының әдемі бір биін тамашалап, бірге билейміз. («Қаражорға» халық биі – орындаушы Абуова Аружан )

Сайыс:

Мейрам күндері қазақ халқының түрлі ұлттық ойындары көрсетіліп, ойналады. Біз де бүгін ұлттық ойындар ойнап, жарысамыз. Сайысқа 3«а», 3«б» оқушылары қатысады.

13- слайд:

«Қыз қуу» ойыны



Бірінші топтан – қыз, екінші топтан ұл бала таңдалады. Қыз бір қадамға алға тұрады. Түрлі тақырыптар ( «Наурыз», «Ойыншықтар», «Мектеп», «Жемістер», «Жыл мезгілдері» , «Құстар», «Аңдар», т.б. ) бойынша балалар аттаған сайын 1сөз айтып отырады. Сөздерді тез, анық айту қажет. Көп айтқаны – жеңеді. Жеңімпазға қызғалдақ гүлі беріледі. Ойыншылар кезектесіп отырып, ойын жалғасады. Қызғалдағы көп топ жеңімпаз атанады.

14- слайд:

«Асық» ойыны



Әр топтан 3-4 баладан шақырылып, асықтарды ұтып алу арқылы ұпай жиналады. Әр ұпайға қызғалдақ гүлі беріледі. Ойыншылар кезектесіп отырып, ойын жалғасады. Қай топта көп гүл жиналса, солар жеңеді.

15- слайд:

«Тартыс» ойыны



Әр топтан 5 бала шақырылады. Орталарына ала жіптен өрілген кішкентай арқан беріледі. Аталған тақырып бойынша «тартыс» басталады. Әр топ сөйлем айтып, жарысады. Соңғы сөйлемді айтқан топ жеңеді, оларға қызғалдақ гүлі беріледі. Ойын бірнеше рет кезекпен ойналады.

16 - 25 слайдтар:

«Алтын сақа» ойыны



Кезек бойынша әр топ ұнаған санды таңдап алып, астында берілген сұраққа жауап беруге тиіс. Жауабы дұрыс берілсе, қызғалдақ гүлі беріледі. Қызғалдағы көп топ жеңімпаз атанады.

Сұрақтар:

22-наурызда қандай мереке болады?

Наурызда күн мен түн не істейді?

Наурызда ауа райы қандай?

Наурыздың белгісі не?

Наурызда адамдар не істейді?

Мереке күні не дайындайды?

Біз бүгін қандай ойындар ойнадық?

Наурыз туралы қандай создерді білесің?

Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?

26 - слайд:

«Айтыс»

Әр топтан 1 оқушы шақырылады. Сұрақтарға қарап, «Наурыз мейрамы» туралы толық әңгіме айтып беру. Әңгімесі толық, дұрыс, қызық айтылғаны – жеңеді, қызғалдақ алады. Қалау бойынша бірнеше оқушы айтысады.

  • НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАШАН БОЛАДЫ?

  • БҰЛ ҚАНДАЙ МЕРЕКЕ?

  • НАУРЫЗДА КҮН МЕН ТҮН НЕ ІСТЕЙДІ?

  • АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ?

  • НАУРЫЗДЫҢ БЕЛГІСІ НЕ?

  • АДАМДАР НЕ ІСТЕЙДІ?

  • МЕЙРАМ КҮНІ НЕ ДАЙЫНДАЙДЫ?

27 - слайд:

«Өлең айту»



Үй тапсырмасын орындау. Жаттаған өлеңдерін, әндерін ортаға салу. Орындаған оқушылар қызғалдақ гүлімен бағаланады.

Сайысты қорытындылау:

Әр топ өз қызғалдақ гүлдерін санап айтады. Қай топтың қызғалдағы көбірек, сол жеңді.

28 - слайд:

«Шашу»





Құтты болсын мереке!

Ене берсін береке!

Наурыз - көктем тойымыз!

Той дәмі мол – тойыңыз!

Шашу шашып бүгінде

Құтты болсын, Наурыз мереке!

30 - слайд:

Наурыз құтты болсын!

Келген қонақтарға, балаларға, ата – аналарға шашу дәмін татқызу.

Тақырыбы: Зияткерлік ойын «Алтын сақа»
Ма
қсаттары:
1.Оқушылардың білім деңгейін байқау;
Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру;
2.Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.

Ойынның барысы:
I.Кіріспе бөлім:
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушылар!
Қазақстан Республикасы бойынша биылғы жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Сондықтан Республика бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бүгінгі біздің осы шарамыз да осы үлкен мерейтойға арналады.
«Атамекен» әнін тыңдау.

II.Негізгі бөлім
кезең. Таныстыру
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап «Алтын сақа» атты интеллектуалды ойынын өткіземіз. Балалар, «сақа» деген сөздің аудармасы қандай? Міне, осы сақанын көмегімен ойнымызды өткіземіз.
Бүгін 6-7 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр. Сөзді қатысушы-командаларға берейік.

2 кезең. Ойын шартымен таныстыру
Ең алдымен командалардың басшылары келіп, ойынды кім бастайтынын анықтайды. Ол үшін менің қолымдағы сақаны қай қолымда екенін дұрыс табу керек.
Берілген 9 ұяшықтың қайсысына сақа түседі, сол ұяшықтың тапсырмасын орындайсыңдар. Егері ұяшықты таңдаған команда сұраққа жауап бере алмаса, екінші команда жауап беріп, өзіне қосымша ұпай алады.
3 кезең. Ойын
Тапсырмалар:

1 ұяшық. «Мақал-мәтелдерді білесің бе?»
1. жердің,елдің,туса,ер,ырысы,жауса, жаңбыр,ырысы
Ер туса,елдің ырысы,
Жаңбыр жауса, жердің ырысы )


2.алмайды ,көпті, ақылы, досы,алмайды, көпті, жау, дау.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды


3. теңгең, жүз, болғанша, жүз, болсын,досың

Жүз теңгең болғанша,
жүз досың болсын

2 ұяшық «Қазақстан тарихын білесің бе?»
Бұл тапсырма 4 бөліктен тұрады. Сендер біреуін таңдап, соның сұрақтарына жауап береулерің керек.Әр сұрақтың ұпайы бар.
3 ұяшық «Ұлы адамдарды білесің бе?»
Назарларыңа ұлы адамдардың суреттері беріледі. Сендер бұл кімнің суреті екенін анықтауларын керек.

4 ұяшық «Ертегілер әлемінде»
Алдарында жатқан парақта ертегілердің үзінділері берілген. Үзінді қай ертегіге жататынын анықтаңдар. Командаларға дайындалуға біраз уақыт беріледі.
Сол кезде Көрермендермен ойын өткізіледі.
Тапсырма:
берілген әріптер қай сөзді жасырып тұрғанын анықтау.

1. елорда
2.еркіндік
3.ынтымақ
4.президент
5.тәуелсіздік

4 ұяшықтың тапсырмасын тексеру.
Үзінді қай ертегіден?


5 ұяшық «Ойлан-тап»
Сөзжұмбақ шешіңдер. Қандай сөздер екнін анықтау.
Командаларға дайындалуға уақыт беріледі.

Көрермендермен ойын. Жұмбақтарды шешіңдер.

1. Кезікті бір жануар,

үстінде екі тауы бар. Түйе


2. Бір сусын бар жұртымда, ішсең уыз ұртында.

Бәрі содан шығады-ірімшік,май, құртын да. Сүт


3. Тық-тық ұрып,

шегесін қадап,

мезгілді саған,

айтады санап. Сағат


4. Жапалақтап жауады,

жердің бетін жабады.

Бұл не мақтадай?

Кәнеки кім табады? Қар

5. Ақ қарда тұрмадым,

қос тақтаймен

зырладым. Шаңғы

5 ұяшықтың тапсырмасын тексеру.
1.Айгөлек
2. Қымыз
3. Қазақстан


6 ұяшықтың тапсырмасы
«Қазақстан-менің елім» тақырыбына әңгіме құрастыр.
Командалар дайындалады

Көрермендермен ойын.


Бұл қандай ғимарат?

6 ұяшықтың тапсырмасын тексеру.


7 ұяшық «Қара жәшік»
Жұмбақты шешіп, жәшікте не бар екенін анықтау.


  1. -Ол -білімнің жолдасы.
    Онда не іздесең,бәрін табасың.
    Ол бізге тәлім, білім береді.
    Ол шебер ұстаз,тілсіз мұғалім. Кітап

2. Қ-дан басталып,аяқталады. Онымен балабақшада ойнайды.Олар үлкен де кішкентай болады. Қуыршақ
8 ұяшық. Қызықты сұрақ
1 сұрақтың жауабы:
2 сұрақтың жауабы:
3 сұрақтың жауабы:
4 сұрақтың жауабы:
9 ұяшық
Музықалық үзіліс
Енді біраз демалып алайық. Сіздерге Елизавета Касатая ән айтып береді.
Оның орындауында « Елім менің » әнін тамашалаңыздар.

III. бөлім
Қорытындылау. Марапаттау
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар
написать администратору сайта