Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың түрі

  • Сабақ барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі

  • ΙΙ. Негізгі кезең

  • 1 – есеп.

  • ΙΙΙ. Бекіту кезеңі

  • "Берілген санның процентін табу" тақырыбына сабақ жоспары. "Берілген санның процентін табу" тақырыбына сабақ жосп. Пні математика Сынып 5 Кні Сабаты таырыбы


    НазваниеПні математика Сынып 5 Кні Сабаты таырыбы
    Анкор"Берілген санның процентін табу" тақырыбына сабақ жоспары
    Дата20.09.2017
    Размер115 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла"Берілген санның процентін табу" тақырыбына сабақ жосп.doc
    ТипДокументы
    #56349
    КатегорияМатематика

    Сабақ жоспары

    Пәні: математика

    Сынып: 5

    Күні:

    Сабақтың тақырыбы: Берілген санның процентін табу

    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға бағдарлама талаптарына сай білім беру, процент туралы ұғым беру, процентті жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен және керісінше бөлшекті процентпен жаза білуге, берілген санның процентін таба білуге үйрету.

    2. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік пен ізденгіштік құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

    3. Тәрбиелік мақсаты: Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.

    Сабақтың түрі: дәріс сабағы (жаңа сабақ)

    Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, жазу, шығару,

    Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дидактикалық материалдар, тақта

    Сабақ барысы:

    Ι. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу;

    ә) түгендеу;

    б) дайындау;

    в) кезекшімен жұмыс;

    г) зейінін, назарын сабаққа аударту.

    ΙΙ. Негізгі кезең: Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

    Берілген санның процентін табу

    Берілген санның процентін табу берілген санның бөлігін табу арқылы есептеледі.

    1 – есеп. Алманың 85  - і су. 4 кг алманың неше килограмы су?
    Шешуі:



    Демек, 4 санын жай бөлшегіне немесе 0,85 ондық бөлшегіне көбейтіп, 4 санының 85  - ін табуға болады екен.

    Егер а=4; Р=85 деп белгілесек, есептің шығару әріптермен мына түрде жазылады:



    Бұл – проценттің негізгі формуласы.
    Берілген санның процентін табу үшін:

    1) процентті бөлшекпен өрнектеу керек;

    2) берiлгел санды осы бөлшекке көбейту керек.

    2 - есеп. Мысықтар көрмесiне әкелiнген 60 мысықтың 20% - i - сиам мысықтары. Көрмеге неше сиам мысығы әкелiндi?

    Есептi жай бөлшектi пайдаланып та, ондық бөлшектi пайдаланып та есептеуге болады, бiрақ (есептеудi ондық бөлшекпен жүргiзген тиiмдi.


    Микрокалькуляторды пайдаланып, берiлген санның процентiн табуды үйренейiк.

    60 санының 20% - ін табу үшiн:

    1) микрокалькуляторға 60 санын енгiзу керек;

    2) клавишiн басу керек;

    3) микрокалькуляторға 20 санын енгізу керек;

    4) % клавишін басу керек.

    Сонда индикаторда 12 саны көрінеді.

    60 санының 20% - ін табу программасы: 6020 %
    ΙΙΙ. Бекіту кезеңі: Сыныпта: № 1573, № 1574, № 1575, № 1576,№ 1577
    IV. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 1578, № 1579, № 1580, №1582
    V. Қорытындылау кезеңі. Оқушылардың алған білімдерін сұрақ қою арқылы тексеру.
    Сұрақтар
    1) Процент деп нені айтады?

    2) Процент бөлшекпен қалай жазылады? Мысал.

    3) Бөлшек процентпен қалай жазылады? Мысал.

    4) Берілген санның проценті қалай табылады? Оны микрокалькуляторда есептеуді түсіндіріңдер.

    VI. Бағалау кезеңі: Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою.




    написать администратору сайта