Главная страница
Навигация по странице:

  • Сөз таптары. Зат есім. Мақсаты

  • Күтілетін нәтиже А

  • Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

  • Үй тапсырмасы

  • 1.Сергіту сәті «Менің есімім» атты жаттығу.

  • Оқушы оқытушы рөлінде Сөз таптары Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары

  • Негізгі бөлім 10 мин «Кубизм» әдісі

  • Қорытынды 10 мин 1.Не Қалай 2.Үй жұмысыңды өзің белгіле.

  • Сабақтың талдауы Сабақ бойынша өзгертулер

  • Сөз таптары. Зат есім. Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді доспар, 6-сынып. Сөз таптары. Зат есім. Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді доспар,. Сыныбы 6 а Кні Таырыбы


    Скачать 87.5 Kb.
    НазваниеСыныбы 6 а Кні Таырыбы
    АнкорСөз таптары. Зат есім. Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді доспар, 6-сынып
    Дата19.09.2017
    Размер87.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСөз таптары. Зат есім. Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді доспар,.doc
    ТипДокументы
    #43810
    КатегорияКазахский язык и лит.



    Сыныбы 6 «а»

    Күні

    Тақырыбы


    Сөз таптары. Зат есім.


    Мақсаты


    Сөз табы туралы білімін дамыту, зат есім туралы түсінік беру, зат есімнің сұрақтарын, жұрнақтарын меңгерту.

    Күтілетін нәтиже

    А) А) Сөз таптары мен зат есім туралы біледі.


    В) Зат есімді, оның сұрақтарын пайдаланып сөйлем құрастырады және басқа сөз таптарынан ажыратады.


    С) Зат есімнің сөйлем құрудағы маңызын анықтайды.



    Дереккөздер, құрал-жабдықтар

    Ғаламтор, таныстырылым, оқулық, кесте, электронды кесте, топшамалар, бағалау үшін бағдаршамның суреті, рефлексия парағы, кубик, микрафон, постердегі жазулар, т.б.



    Сабақтың барысы

    Уақыты

    Мұғалім әрекеті

    Оқушы әрекеті

    Кіріспе



    15

    1. Морфология дегеніміз не?

    2. Сөздің түрлері нешеге бөлінеді?

    3. Атауыш сөздер деген не?
    4. Көмекші, сөздер деген не?
    5. Одағай сөздер деген не?
    Үй тапсырмасы: Ережені оқу, Ой толғау жазу «Достықты ақшаға сатып алуға болады ма?» Жаттығулар: 116, 117-жаттығулар.

    1. Сергіту сәті «Менің есімім»

    2. Топқа бөлу. Кімнің есімінде Ззәрпі барлар бір топқа шыға қойыңдар.




    Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
    Үй тапсырмасын тексереді.
    Жаңа тәсілдер: диалогтық оқытудағы топтық әңгіме, сұрақ-жауап.

    Сыни тұрғысынан ойлау: топтастыру, АКТ: таныстырылым.

    Оқыту формасы: жұптық, жеке, топтық, жаппай жұмыс
    Кезбе тілші

    Бір оқушы шығып тілші болып, тілшінің қызметін атқарады, сыныптастарына үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды.


    1.Сергіту сәті «Менің есімім» атты жаттығу.

    Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.


    Тұсаукесер



    10 мин

    Оқушы оқытушы рөлінде
    Сөз таптары

    Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

    Зат есім

    Заттың атын білдіріп, кім?не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), тау (не?) , т.б.

    Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы адам атаулыға ғана тән болса, Байжан, Гүлжан дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есімдер: жеке кісінің аты, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мемлекет, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялық (жер, су) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би, тб) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған (Тайбурыл, Құлагер, т.б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.


    Оқушы оқытушы рөлінде

    Оқушыларға бүгінгі тақырыпты өз бетімен оқуларын айтып, кез-келген оқушы тақтаға шығып, бүгінгі сабақты түсіндіреді. Түсіндіріп болғаннан кейін оқушылардан Сабақ түсінікті ме? Қандай сұрақтарың бар? деп сұрайды.

    Негізгі бөлім


    10 мин

    «Кубизм» әдісі бойынша жұмыстанамыз.

    Тапсырмалар:

    1.Өздерің білетін мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атауларын жаз.

    2.Ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атауларын жазыңыз.

    3.Жер, су аттарын жазыңыз.

    4.Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттарын жаз.

    5.Жылқыға, сиырға, түйеге, итке, т.б. хайуанаттарға қойылатын аттарды жаз.

    6.Кісі аттарын жаз.



    (Әр тапсырмаға 2 минут)


    Қорытынды


    10 мин

    1.Не? Қалай?

    2.Үй жұмысыңды өзің белгіле.


    1.Не? Что? What?

    Қалай? Как? How?

    Бүгін сабақта нені үйренгенін және ол білімді қалай үйренгенін айтады.

    2. Үй жұмысыңды өзің белгіле.

    Балалар үй тапсырмасын өздері әзірлейді.

    Сабақтың талдауы





    Сабақ бойынша өзгертулер





    написать администратору сайта